17 шілде 2017 08:52

Танымал әзілкеш Азамат Мұсағалиев әлеуметтік желілерде пікір жазушыларымен қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік танымал әзілкеш Азамат Мұсағалиев Instagram желісінде пікір қалдыру мүмкіндігін шектеді. Енді қоланушылар әртістің 2016 жылдың желтоқсанына бері жариялаған суреттеріне қатысты пікір қалдыра алмайды. Айта кетейік, оның аккаунтына 700 мыңнан аса қолданушы жазылған.  

Соған қарағанда, тележүргізуші мұндай қадамға Желіде тарап жүрген ТНТ жарнамасындағы әзілі үшін туған дау үшін барған болуы мүмкін. Ол комик Нұрлан Сабуровпен бірге 14 секундтық әзіл роликке түскен еді. Олардың бұл әзілін қазақстандықтар сынап тастаған. 

Еске салайық, Азамат Мұсағалиев Бірінші арнадағы КВН ойындарында "Сборная Камызякского края" командасының атынан шығып, танымал болған еді. Мыңдаған әзілсүйер қауым оның ұтымды әрі қызық әзілдеріне тәнті болды. Ал таяудағы сұхбаттарының бірінде ол Ресейде туып-өскенімен жаны қазақ, жүрегі қазақ болып қалатынын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети