04 қаңтар 2019 12:44

Ұсталғандар өздерін кінәлі сезініп отырған жоқ - Денис Теннің анасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдіктілер кінәсін сезініп отырған жоқ. Бұл туралы спортшының анасы Оксана Тен айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдіктілер кінәсін сезініп отырған жоқ. Бұл туралы спортшының анасы Оксана Тен айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

"Ең жиіркеніштісі ұсталғандар өздерін кінәлі сезініп отырған жоқ, ешкім де кешірім сұраған жоқ. Олар өздерінің осы әрекетімен уайымдап, кінәсін сезініп отырғандарын көрсеткен жоқ", - деді Оксана Тен. 

Ол сотталушы Жанар Толыбаева жайлы айта отырып, оған қатаң жаза қолдануды сұрады.

"Ол бұл жағдай жайлы білгенін айтпады, құтылып кеткісі келді, Sim-картаны лақтырып жіберді. Оны барынша жазалау керек. Оның осы оқиғада белсенділік танытуынан болар ол балалардың да осы іске қатысы бар болды", - деді Денис Теннің анасы.

Оның жетістігі біреуге кедергі болған шығар - Денис Теннің анасы

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім - Денис Теннің анасы

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети