15 ақпан 2022 10:48

Утильалым мөлшерлемесі қашан белгіленетіні айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемесі қабылданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемесі қабылданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және қаражатқа иелік ету функциялары мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымы - "Жасыл Даму" АҚ-қа берілгенін еске салды.

"Директорлар құрамы бекітілді. Айта кетерлік жайт, директорлар құрамына қоғам өкілдері кірді. Сондай-ақ, "Атамекен" ҰКП алаңында күн сайын утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау мәселесі бойынша қоғам, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдар қатысқан жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр, - деді министр.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін кабель және сым өнімдерін кәдеге жарату төлемдерін жинауды тоқтату туралы шешім қабылданғанын еске салды.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен осы айдың аяғына дейін мөлшерлемелерді қайта қарау бойынша жұмысты аяқтаймыз", - деп түйіндеді Брекешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети