Үйінді астында 10 сағаттан аса жатқан шахандық қалай аман қалғанын айтып берді

05 Қаңтар 2017, 15:45
1
Үйінді астында 10 сағаттан аса жатқан шахандық қалай аман қалғанын айтып берді - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Үйінді астында 10 сағаттан аса жатқан шахандық Александр Галышев қалай аман қалғанын айтып берді. 32 жастағы ер адам сал ауруымен ауырады, ол төтенше жағдайдан аман қалды, алайда ауруханаға түскен оның аяқ-қолы үсіп қалыпты. Қазіргі уақытта дәрігерлер оны бірнеше аптадан кейін қалпына келетінін айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығы күтпеген сәтте болды. Диванда жатқанмын, анам көршіні шығарып салуға кеткен. Үйде әкем мен немере інім Артур болған. Кенет жарылыс болып, әлденені сездім, кейін диван үстіме түсті. Ол өте ауыр. Не болғанын да түсінбедім. Бірақ қатты қорықтым. Мойнымдағы крест белгімді қолыма алып, жалбарына бастадым. Анда-санда әкемді, Артурды шақырып, көмек сұрадым", - дейді зардап шеккен азамат.

Үйіндінің астында қалып қойған Александр ешкімнен көмек келмей ме деп үрейленген. Алайда үміті сөнбепті. Сондықтан ол шыдап, көмекке шақырып, айғайлай берген. Құтқарушылар келіп, шығарып алған кезде тағдырдың жаңа өмір сыйлағанын түсінгенін ойлапты.

"Біз екінші қабатта тұрамыз. 31 желтоқсанда менің туған күнім еді. Тойлағаннан кейін осындай жағдай болды. Бұл менің екінші туған күнім деп есептеймін! Құтқарушылар мені тауып, шығарып алды! Оларға алғысым шексіз! Билікке, әкімдерімізге, Президентке айтқым келеді! Шахандықтарға көмектесіңіздер, жылу беріңіздер, баспана беріңіздер! Мұндай қайғылы оқиға бұдан былай болмасын!", - дейді Александр. 

Дәрігерлер Александрдың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Апат кезінде ол бассүйек миының жеңіл жарақатын алыпты және аяқ-қолы үсіп қалыпты. Бірақ қазір оның өміріне қауіп жоқ.

"Александр Галышевтың жағдайы қанағаттандырарлық. Барлығы жақсы болса, 4-5 күннің ішінде ауруханадан шығарамыз. Ал зардап шеккен қыздың қабырғасы сынған, жамбасы сынған, миына зақым келген. Сондықтан оған ота жасалады. Ол әлі де аураханада болады", - деді Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығының директорының орынбасары Берік Төлеубаев.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласының маңындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай