27 қазан 2014 21:45

Валидаторлар енгізілгеннен кейін Астананың қоғамдық көлігінде кондуктор болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада валидатор іске қосылғаннан кейін қоғамдық көліктерде кондукторлар болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының жолаушылар көлігі және жолдар басқармасына сілтеме жасап.


Астанада валидатор іске қосылғаннан кейін қоғамдық көліктерде кондукторлар болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының жолаушылар көлігі және жолдар басқармасына сілтеме жасап.

"Астана қаласының жаңа көлік жүйесі жобасында қоғамдық көліктерде кондуктордың жұмысы қарастырылмаған. Дегенмен алғашқы кезеңдерде біз кондукторларды кеңесші-нұсқаушы ретінде тартамыз. Кондукторлар жолаушылардың жолақысын электронды төлеуге байланысты сұрақтарына кеңес береді", - делінген редакцияның сауалына қайтарылған жауапта.

Астана қаласының жолаушылар көлігі және жолдар басқармасы жаңа көлік жүйесін 2015 жылдың екінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа жоба іске асқаннан кейін кондукторлар арасында белгілі талаптарға сай іріктеу өтеді. Іріктеуден өткендер қоғамдық көліктердегі жол ақысын төлеуді қадағалап, билетсіз жүрген жолаушыларды анықтайтын бақылау-тексеріс қызметіне тартылады. 

Еске салайық, 2015 жылдан бастап, Астана қаласының қоғамдық көліктерде жолақы билет сататын автоматтардың көмегімен қарым-қатынассыз карталар (электронды ақша) арқылы төленеді. Жолаушылар бір картаны жол жүру үшін және BRT (жалпы билет сату жүйесі) бойынша пайдалана алады. Жолаушы автобуста валидатор арқылы тіркелетін болады. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети