12 шілде 2015 10:36

Вера Кобалия "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вера Кобалия. ©Fashiony.ru Вера Кобалия. ©Fashiony.ru

Вера Кобалия "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма басшысының орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұлттық компания баспасөз хатшысы Айгүл Мүкей хабарлады. 


Вера Кобалия "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма басшысының орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұлттық компания баспасөз хатшысы Айгүл Мүкей хабарлады. 

Еске салайық, Астана қаласы әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылған еді. Сол кезде Кобалия бұл қызметке маусым айында компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылғанда келген болатын. Басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныту, халықаралық қатысушылар мен туристерді тарту, коммерцияландыру және демеушілік, контет және көрмеден кейін нысандарды пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін болған.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын. Кейін ол үй қамауына алынды. Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновті қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети