28 қазан 2016 12:34

Вьетнам "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі ұлттық павильон тақырыбын айқындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© strategy2050.kz © strategy2050.kz

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Вьетнамның "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі болды. Елші көрмеге дайындық шеңберінде Қазақстан жүргізіп жатқан ауқымды жұмыс туралы, соның ішінде 105 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағаны және жақын арада қатысушы елдер одан әрі жұмысты ұйымдастыру үшін өз павильондарын ала алатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ сілтеме жасап.

Нгуен Нгок Тхиен Вьетнам "ЭКСПО-2017" көрмесіне белсенді түрде дайындалып жатқанын және өзінің қатысуы аясында бірқатар мәдени іс-шараларды жоспарлағанын атап өтті. Осылайша, 29 тамызда көрмеде Вьетнам ұлттық күні өткізіліп, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына орай Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндерін өткізу жоспарланып отыр.

Вьетнамдық тарап ағымдағы жылғы қарашада Министрлік Вьетнамға берілген павильонды қабылдау және тақырыптық тұжырымдаманы одан әрі техникалық дайындау үшін Астанаға мамандар делегациясын жіберетінін хабарлады. Вьетнамдық павильонның тақырыбы "A Fusion of Traditional and Modern - Vietnam’s Future Energy" - деп аталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети