09 қаңтар 2018 17:15

Видеоны қайта таратқандар қоғамда шиеленіс тудыру үшін істеген болуы мүмкін - Нұр-Мүбарак проректоры

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"Нұр-Мүбарак университеті Ризабек Батталұлының даулы видеосына қатысты пікір білдірді. Университеттің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берді. 


"Нұр-Мүбарак университеті Ризабек Батталұлының даулы видеосына қатысты пікір білдірді. Университеттің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берді. 

"2016 жылы қыркүйектен бастап Ризабек Батталұлы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің Исламтану кафедрасында қызмет етіп келеді. Осы аралықта ол өзін тек жақсы қырынан танытты. Әріптестер арасында құрметке ие әрі беделі жоғары. 2017 жылдың 30 қарашасынан 2018 жылы 9 қаңтар аралығында Батталұлы Сауд Арабиясы корольдігінде Умрада болды", - делінген хабарламада. 

Университет әкімшілігі Ризабек Батталұлының бұл видеоны еш уақытта таратпағанын айта кетті. 

"Бұл видео шамамен 2016 жылдың басында әлеуметтік желіде тараған еді. Қайтадан тарату арқылы кейбір адамдар қоғамда қолдан арандатушылық тудыруды көздеп отырған болуы мүмкін. Осы видеода Ризабек Батталұлының айтқандары тек оның ғана ойы және әлеуметтік желіде таралмауы керектігін айтады", - деді Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Шамшәдин Керім. 

Таяу уақытта осы мәселеге байланысты Университеттің тәртіптік кеңесінің отырысы өтеді, онда Батталұлының айтқандарына баға беріледі екен.  

Еске салайық, әлеуметтік желіде мешіт ішінде ер адамның уағыз айтып отырған видеосы таралып жатыр. Ол кісі видеода отбасылық қарым-қатынас туралы және ер адамның әйеліне күш қолдануына рұқсат дегенді меңзеп айтқан. 

Сондай-ақ, 2017 жылы 5 қаңтарда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы "Ризабек Батталұлы: Əйелді сабауға болады, бірақ өлтіріп алмайтындай, бір жерін сындырып алмайтындай ұру керек" делінген видеоға қатысты пікір білдірген еді.  

ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, екі жыл бұрын шыққан видеоға ҚМДБ-ның еш қатысы жоқ.

"Видеоны желіде қайта таратқан. Осыдан екі жыл бұрын шыққан видео. Бұл Алматыдағы мешіттердің бірінде теолог дінтанушы Ризабек Батталұлымен сұхбат болатын. Видео шыққан уақытта ол республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі болатын. Тексеру мен зерттеу нәтижесінде ҚМДБ оған ескерту жариялап, қажетті пікір жариялаған еді. Қазіргі уақытта Ризабек Батталұлы "Нұр Мүбарак" университетінде мұғалім болып қызмет етеді", - деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен қатар, ҚМДБ осы видеоның ары қарай таралмауын қадағалайтынын айтты.

"Әрине, видеода айтылған сөздер - дұрыс емес тұжырым және оны адамдар басқаша қабылдайды. Теолог бұл сөздерді эмоцияға беріліп, ойланбастан айтқан. Ең бастысы мұндай нәрсенің Құранда жоқ екенін түсіну қажет. Қазіргі уақытта біздің елде ажырасулар көп, сол себепті де бұл видеода айтылған сөздер дұрыс емес деп қана қоймай қабылдауға келмейтін деп санаймыз", - деді ҚМДБ өкілі. 

Осы жағдайға байланысты ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Facebook желісіндегі парақшасында түсініктеме берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети