06 маусым 2018 12:41

Вице-министр Бақытжан Жақсалиев қанша уақыт үй қамауында болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев тамыз айына дейін үй қамауында болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев тамыз айына дейін үй қамауында болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 маусымында Астананың Алматы аудандық № 2 соты Бақытжан Жақсалиевті 2018 жылдың 1 тамызына дейін қамауға алу туралы бұлтарпау шарасын таңдады.

Еске сала кетейік, энергетика вице-министрі 4 маусымда үй қамауына алынған болатын. "Атқарылған жұмыс көлемі 30 есе көбейтіп көрсетілгенін біле тұра, Жақсалиев су қоймасының түбінен 109 мың текше метр лай алу туралы актілерге заңсыз қол қойған, бұл жұмыстарды атқаруға мердігер ұйымға 863 миллион теңге ақша бөлінген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыс құны 746 миллион теңге болған. Жақсалиевтің заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке осы көрсетілген сомада шығын келген. (...)", - делінген еді хабарламада.

Ал кейінірек ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети