20 шілде 2018 | 10:47

Вице-министр Денис Теннің нақты қандай жарақат алғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Денис Теннің оң жақ санының жоғарғы бөлігі мен жамбасы жараланған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денис Теннің оң жақ санының жоғарғы бөлігі мен жамбасы жараланған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өлгеннен кейінгі диагнозы он жақ санының жоғарғы бөлігі мен жамбас жарақаты, бетінің бірнеше рет тілінуі, тізе буындарының тілінуі, қан кету шогы, клиникалық өлім деп тіркелді. Алған жарақаттарының толық тізімі сот-медициналық сараптамада көрсетілген және ол тергеу құпиясы болып саналады", - деді Ләззат Ақтаева.

Сондай-ақ, Ақтаева өтіп бара жатқан адамдардың бірі жедел жәрдем шақырғанға дейін оның қанша уақыт жатқанын болжап көрді.

"Жедел жәрдем бригадасы оны қарап шыққанда, бір метрге дейін жететін қан жатты, көзбен қарағанның өзінде онда үш литр қан кеткенін байқауға болады. Ірі тамырларын жарақаттап алған кезде, әсіресе, сан артериясын жарақаттап алғанда 2-3 минут ішінде өте көп қан кетіп қалады. Ірі тамырдан қан кеткен, сондықтан айтарлықтай көп мөлшерде қан жоғалтып алған", - деп түсіндірді вице-министр.

Осыған дейін дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

"Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды", - деп түсіндірген еді дәрігер.

Ал бүгін, 20 шілдеде Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталып, өз қылмысын мойындады. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети