Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерге айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерге айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен журналистерге дөрекі сөйлегеніме өкінемін. Менің сөзімнің формасы мен үні қолайсыз болғанын мойындаймын. Сондықтан ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Осы сұхбатта айтылғандай, мен журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайынмын", - деп жазады баспасөз қызметінің өкілдері вице-министрдің сөзін.
ҰЭМ баспасөз қызметінің өкілдері диалог үшін әрқашанда ашық екенін мәлімдеді. "Өз тарапымнан, біз роликте қойылған сұрақтарға жауап беру үшін алаң мен спикер тауып беруге дайын екенімізді жеткізгіміз келеді. Маған хабарласуларыңызды өтінемін, қажетті мәліметті алу үшін шұғыл көмектесуге дайынмын", - деді министрліктің баспасөз қызетінің өкілі Самал Ибраева.
Еске салайық, Желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланды.
Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген.
"Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин.
Әлеуметтік желіде вице-министрдің айтқаны кеңінен талқыланып жатыр. Қолданушылар мемлекеттік қызметкер осылай айтуға құқығы бар ма деген сұрақпен бас қатырып жатыр. "Неге ол былай сөйлейді? Біз оған кімбіз? Ол мемлекеттік қызметкер ме әлде қайда? Мен салық төлеуші ретінде мұндайды естігім келмейді", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.
Айта кетейік, былтыр қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жылу мен электрқуаты тарифтерін негізсіз көтеру мәселесін шешуді тапсырған еді.