13 ақпан 2019 | 16:46

Вице-министр "Жынымды келтірмеңізші" дегені үшін журналистерден кешірім сұрады

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин. © primeminister.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерге айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерге айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен журналистерге дөрекі сөйлегеніме өкінемін. Менің сөзімнің формасы мен үні қолайсыз болғанын мойындаймын. Сондықтан ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Осы сұхбатта айтылғандай, мен журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайынмын", - деп жазады баспасөз қызметінің өкілдері вице-министрдің сөзін. 

Реклама
Реклама

ҰЭМ баспасөз қызметінің өкілдері диалог үшін әрқашанда ашық екенін мәлімдеді. "Өз тарапымнан, біз роликте қойылған сұрақтарға жауап беру үшін алаң мен спикер тауып беруге дайын екенімізді жеткізгіміз келеді. Маған хабарласуларыңызды өтінемін, қажетті мәліметті алу үшін шұғыл көмектесуге дайынмын", - деді министрліктің баспасөз қызетінің өкілі Самал Ибраева. 

Еске салайық, Желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланды.

Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген.

"Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"БЛИН, ЖЫНЫМДЫ КЕЛТІРМЕҢІЗШІ" - ВИЦЕ-МИНИСТР???? __________________________________________ Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге журналист @araysugirbay тариф бойынша қойған сұрағы ұнамай қалғанда айтқан жауабы осы болды бүгін.???????????? Тариф үшін бұл кісіге Президент желтоқсанда Қауіпсіздік кеңестің отырысында сөгіс жариялап еді. Содан, "тариф" сөзін естісе төбе шашы тік тұрып, жыны мұрнының ұшына келетін болып қалыпты!!!???????????? ____________________________________________ PS: Тілшілердің жауапты спикерге кез келген жерде кез келген сұрақты қоюға құқығы бар екенін вице-министр мырза білмесе керек!!!☝ ___________________________________________ #жаңалықтар #новости #актау #атырау #орал #актобе #астана #алматы #караганда #жезказган #шымкент #тараз #кызылорда #семей #талдыкорган #петропавл #павлодар #кокшетау #like4like

Публикация от ҚҰРАЛАЙ ПИОНЕР (@pioner_kuralay) 12 Фев 2019 в 10:20 PST

Әлеуметтік желіде вице-министрдің айтқаны кеңінен талқыланып жатыр. Қолданушылар мемлекеттік қызметкер осылай айтуға құқығы бар ма деген сұрақпен бас қатырып жатыр. "Неге ол былай сөйлейді? Біз оған кімбіз? Ол мемлекеттік қызметкер ме әлде қайда? Мен салық төлеуші ретінде мұндайды естігім келмейді", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі. 

Айта кетейік, былтыр қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жылу мен электрқуаты тарифтерін негізсіз көтеру мәселесін шешуді тапсырған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная