20 қыркүйек 2019 13:09

Вице-министр көпбалалы аналардың баспана мәселесіне жауап берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев алаңға шығып жүрген көпбалалы аналарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев алаңға шығып жүрген көпбалалы аналарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі "Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру: "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру" тақырыбындағы баспасөз мәслихатында журналистер астанадағы Министрліктер үйінің алдына жиналатын көпбалалы аналардың тұрғын үй мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

"Біз қазір бұл мәселені екі жолмен шешіп жатырмыз. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік болмаса, жалға берілетін баспаналарға сенім артуға болады. Осы бағдарлама бойынша үш жыл бойы үй саламыз. Жыл сайын 6000 пәтер, биыл 8000 пәтер тұрғызылады. Алдағы үш жылда мәселе жабылады. Менің ойымша, шыдамды болу керек", - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев.

"Олар қазіргі жағдайын ойлап тұр. 2-3 жыл күткен ұзақ, қазір баспана алғысы келеді. Бізге келіп, көмек сұрайды. Мен де, министр де, ешкім бірден бере алмайды. Заң бар. Сіздің алдыңызда кезекте 1000 адам тұрса ше? Олардың мәселесі шешілмейінше сіз туралы қалай ойлайсыз? Сондықтан шыдамдылық танытуы керек", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл 118 мың тұрғын үй салынады. 2019 жылдың сегіз айында қаржыландырудың барлық көзі бойынша 65 мың пәтер салынған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети