10 шілде 2019 09:43

Вице-министр Суханбердиеваға қандай айып тағылып отыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-министрі Эльмира Суханбердиева © primeminister.kz Вице-министрі Эльмира Суханбердиева © primeminister.kz

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты іс бойынша сотта қылмыстық істің егжей-тегжейі жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атап айтқанда, іс бойынша прокурор Эльмира Суханбердиеваға қандай айып тағылып отырғанын айтты. Шенеунікпен бірге сот алдына № 3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева келді. 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда сот талқылауы басталды.


Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты іс бойынша сотта қылмыстық істің егжей-тегжейі жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атап айтқанда, іс бойынша прокурор Эльмира Суханбердиеваға қандай айып тағылып отырғанын айтты. Шенеунікпен бірге сот алдына № 3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева келді. 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда сот талқылауы басталды.

Білім және ғылым вице-министрі Суханбердиеваға қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген айып тағылып отыр (ҚР ҚК-нің 361-бабының 3-бөлігі, 364-бабының 3-бөлігі). Елена Шеверняева болса кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚР ҚК 364 - бабының 1-бөлігі) бабы бойынша сотқа берілген. Сотта сотталушылардың бұрын таныс болғаны, олардың құрбы екені анықталды.

Эльмира Суханбердиева 2016 жылдың сәуірінде вице-министр қызметіне тағайындалған. Сотта айтылған мәлімет бойынша, оның өкілеттігі мен міндеттеріне мектепке дейінгі және орта білім департаменті, техникалық және кәсіптік білім департаменті және "Балдәурен" республикалық балалар сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру мен жетекшілік ету кірген.

"Бұдан басқа, ол министрлікте (ҚР БҒМ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдады және жетекшілік ететін бөлімшелер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болды. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарамастан, вице-министр өзінің қызметтік жағдайы мен өкілеттіктерін пайдалана отырып бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады", - деді прокурор Нұрлан Бекмағамбетов.

Мемлекеттік айыптаушы судьяға сотталушылардың құқық бұзушылықты қандай жағдайда жасағанын хабарлады.

"Суханбердиеваның жақын құрбысы Шеверняева Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының № 3 мектеп-гимназиясының директоры болды. Сонымен қатар, Шеверняева № 3 мектеп-гимназия мекенжайы бойынша орналасқан "Центральная" жеке экономикалық мектебінің нақты иесі. (...) 2016 жылдың шілде айында елорда білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев Шеверняеваны (талқылау үшін) шақырды және № 3 мектеп-гимназиясының қайта тығыздалуына жол бермеу мақсатында № 3 мектеп-гимназиясының ғимаратын жеке мектепті босату бойынша шаралар қабылдауды ұсынды. Шеверняева Суханбердиеваға осы мәселемен жүгінді. Ол өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, Сенғазиевпен келіссөз жүргізіп, оған жеке мектеп пен Шеверняеваға тиіспеуді ұсынды. Сенғазиев вице-министрдің мүмкіндіктерінен қауіптеніп, бұл мәселені одан әрі көтере алмады. Суханбердиева жақын құрбысы Шеверняеваға қамқорлық жасады, алайда оның салдарынан қоғамға қауіпті зардаптары болған жоқ", - деп хабарлады сотта прокурор.

Сондай-ақ, ол Эльмира Суханбердиеваның жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға бола отырып, орта білім беру саласында ақылы білім беру қызметтерін көрсету бойынша "Центральная" экономикалық мектебін ұйымдастыруға қатысуға шешім қабылдағанын хабарлады.

"Шеверняева Суханбердиеваға "Центральная" жеке мектебін коммерциялық емес мекемеден ЖШС-ға қайта құру және осы жеке мектепті орналастыру үшін жаңа ғимарат сатып алу ниеті туралы айтып берген. Ол Суханбердиеваға өзінің жағдайын пайдалана отырып, жеке мектепке жеңілдіктер, артықшылықтар мен қамқорлық көрсететін, сондай-ақ жаңа ғимаратты сатып алу үшін ЖШС-ға инвестиция ретінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін салатын жағдайда кәсіпкерлік қызметпен бірлесіп айналысуды ұсынды. Шеверняева Суханбердиеваның ұсынысына келісті. Олар ЖШС-ны басқаруға, әкімшілік-шаруашылық, кадрлық, қаржылық және басқа да мәселелерді шешуге, кірістерді бөлуге, инвестиция салуға бірлесіп қатысатын болады деп келісті", - деп хабарлады сотта прокурор.

Іс материалдары бойынша, Суханбердиева және Шеверняева ЖШС-нің құрылтайшылары ретінде өз туыстарын қосқан.

"Суханбердиева мен Шеверняева ЖШС-нің шотына жеке мектепке ғимарат сатып алу үшін 154 миллион 522 мың 300 теңге салды. Сәуір айының соңында-мамыр айының басында түрлі мемлекеттік органдарға, оның ішінде БҒМ-ге Шеверняеваға, оның ішінде оған жеке мектептің тиесілілігі және оның № 3 мектеп-гимназия ғимаратында болу фактісі бойынша шағымдар келіп түсті. Шеверняева алдағы тексерулерден қауіптеніп, бизнес бойынша әріптеске және сонымен қатар вице-министр Суханбердиеваға жүгінді, ол мәселе шешілетініне сендірді. Шағым Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білім саласындағы бақылау департаментіне жолданды", - деп келтірді қылмыстық іс материалдарынан алынған мәліметтерді прокурор.


Эльмира Суханбердиева (артта) және оның адвокаты Айгүл Әмренова. © Tengrinews.kz

Сондай-ақ, прокурор Нұрлан Бекмағамбетов екінші эпизодқа қатысты мәліметтерді айтты.

"Атқарып отырған қызметіне байланысты ол 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орайластырылған іс-шараларды жоспарлаумен және дайындаумен айналысты. Осы іс-шара аясында Президенттің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларымен кездесуі, сондай-ақ білім және ғылым министрінің ерлік жасаған балалармен кездесуі жоспарланған. (...) Суханбердиева мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы тәлімгер бола отырып, аталған кездесуде балаларға планшеттер мен смартфондар түріндегі қымбат бағалы сыйлықтар жасағысы келді. Суханбердиева ҚР Білім және ғылым министрлігі аталған мақсатта ақша қаражатының қарастырылмағанын білген", - деді прокурор.

Оның айтуынша, биыл 3 мамырда "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында жас патриоттар форумы өткізілген. Суханбердиеваның адвокатының айтуынша, құдыққа құлап кеткен баланы құтқарған елордалық оқушы туралы сөз болған. Өрт кезінде балаларды құтқарған атыраулық оқушы туралы да әңгіме болған.

"Бұл форумда Суханбердиева екі балаға 1 маусымда білім және ғылым министрімен кездесуде оларға iPhone X табысталатынын айтты. Ол оған тәуелді басшы өз есебінен телефон сатып алуға мәжбүр екенін түсінді", - деп хабарлаған прокурор Нұрлан Бекмағамбетов кейіннен екі телефон жүргізуші арқылы вице-министрге жеткізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, прокурор 1 маусымға орай аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арналған планшеттерді сатып алу жағдайын түсіндірді.

"Суханбердиева 41 дана планшетті сатып алу үшін бюджетте ақша қарастырылмағанын анық біле тұра, 2019 жылдың мамыр айының екінші жартысында өзінің қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануды ұйғарған. Суханбердиева өзінің қарамағындағы және жетекшілік ететін адамдары арқылы кітап және оқу өнімдері баспаларының басшыларынан 41 дана планшетті тегін жеткізуді талап етті. Сондай-ақ Суханбердиева білім және ғылым министрін ай\лдаған, яғни демеушіліктің ерікті сипатта емес, іс жүзінде мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырылатынын айтпай, жаңылыстырған", - деп хабарлады сотта прокурор Бекмағамбетов.

Ол іс материалдарына сәйкес, планшеттер түріндегі сыйлықтарды бірнеше баспаның өкілдері қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұрын сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу келісімін жасаған, осыған байланысты қылмыстық іс сотқа жеделдетілген тәртіпте жіберілген.

Айта кетейік, бұрын сотқа дейінгі тексеру барысында Эльмира Суханбердиеваға пара алды деген айып тағылған. "Пара болған жоқ. Біз бұған дейін де келіспегенбіз, себебі бізге тағылып отырған айыптың негізі балаларға слетте берілуі тиіс болған екі iPhone болған. Бұл бастапқыда пара деп бағаланды. Содан кейін бұл бапты алып тастады", - деп хабарлады Эльмира Суханбердиеваның қорғаушысы Айгүл Әмренова.

Бұл іс бойынша сот шешімі 10 шілдеде жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети