27 ақпан 2014 | 16:50

Вице-премьер қаржы игермегендерді жұмыстан қууды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сұлтанов ©Мансұр Хамит Бақыт Сұлтанов ©Мансұр Хамит

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Премьер-министр Серік Ахметовке бюджетті игермеген министрліктердің жетекші қызметкерлерін жұмыстан босатуды ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз талдау жасадық, бюджет қаржысын игермеудің себептері субъективті деп есептейміз: Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі бойынша - 4 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігі бойынша - 1,4 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша - 1,3 млрд теңге", - деді Сұлтанов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Ол жетекшілік қызметтегі кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуды ұсынды. "Осындай шараны 1 млрд теңгеге жуық қаржыны игермеген бірқатар аймақ басшыларына да қолдануды ұсынамыз", - деді ол. Еске сала кетейік, үкіметтің 2013 жылдың 9 айындағы бюджет қаржысын игеру нәтижелері жөніндегі отырысында Ахметов қаржы игермеген лауазымды тұлғаларды жазалау туралы ұсыныс енгізуді тапсырған болатын. Сол күні-ақ көп шенеунікке сөгіс жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети