26 қаңтар 2015 19:04

Владимир Божко ашушаң абоненттерге телефонды сөндіріп қойып ұйықтауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Божко. ©Ярослав Радловский Владимир Божко. ©Ярослав Радловский

Владимир Божко "112" қызметінен келетін түнгі SMS-терге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV. 


Владимир Божко "112" қызметінен келетін түнгі SMS-терге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV. 

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың Өскеменге сапары бұл өңірдегі қатты аязбен тұспа-тұс келді. Қаңтардың 25-інен 26-сына қараған түні облыс тұрғындары жолдардың жабылып, мектептегі сабақтардың кейінге қалғаны туралы хабарламалар алып, түнгі SMS-терге қатысты наразылықтарын Божкоға айтуға асықты. Бірақ ол өзі де хабарламаларды түнде алатынын айтты.

Владимир Божконың айтуынша, тым кеш уақытта келетін хабарламалар оның ашуын келтірмейді. Айтуынша, мұндай сұрақтарға оның жеке блогындағы парақшасында жиі жауап беруіне тура келеді. Владимир Божко "ашушаң" абоненттерге телефонды сөндіріп қойып ұйықтауға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети