10 қаңтар 2017 14:22

"ВКонтакте" желісінде суицидке итермелейтін топқа жиі кіретін атыраулық қыз өзіне қол салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gazeta-rassvet.ru © gazeta-rassvet.ru

Атырауда жасөспірім қыз өзіне қол салды, ол "ВКонтакте" желісіндегі суицидке итермелейтін топтың құрамында болғаны анықталған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне атыраулық прокуратура мамандары айтып берді. 


Атырауда жасөспірім қыз өзіне қол салды, ол "ВКонтакте" желісіндегі суицидке итермелейтін топтың құрамында болғаны анықталған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне атыраулық прокуратура мамандары айтып берді. 

Прокурорлардың мәліметінше, оқиға 2016 жылы маусымда болған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында өзіне қол салудан бұрын ол "ВКонтакте" желісінде суицидке итермелейтін топқа жиі кіретін болған. Өзінің парақшасында қыз өлім туралы тақырыпта жазбалар қалдыратын болған. Кейінірек ол өз үйінде асылып қалған. Суицидке итермелейтін осы топ Қазақстан аумағында құлыпталған. 

Атырау қалалық прокуратурасының өкілдері интернет желісіндегі порнографиялық, экстремистік мазмұндағы және суицидке үгіттейтін материалдары бар сайттар мен әлеуметтік желілерге үнемі бақылау жасап тұратыны айтып отыр.

Осы шара нәтижесінде ғаламтор желісінде жасөспірімдерді суицидке үгіттейтін 22 әлеуметтік топқа, порнографиялық мазмұндағы 12 сайтқа және террористік экстремистік діни материалдары бар 97 сілтемеге шектеу қойылыпты.

Атқарылып жатқан шараларға қарамастан, жасөспірімдер мен ересектер арасында өз өзіне қол жұмсау жағдайы, мінез-құлыққа теріс әсер ететін материалдардың еркін таралуы азаймай отыр.

Осыған орай, қала прокуратурасының бастамасымен Республика бойынша "Қазақтелеком" АҚ 2017 жылдан бастап интернеттегі барлық пакетке "Ата-ана бақылауы" бағдарламасын қосуды ұйымдастырды.

Бұл бағдарлама интернет желісіндегі жасөспірімдердің психологиясына кері әсер ететін материалдардан сақтандырады екен.

"Сондықтан, ҚР-ның Неке және отбасы кодексінің 70 бабына сай бала тәрбиесіне міндетті болып табылатын ата-аналар, балалардың интернет пен әлеуметтік желілерде отыруын бақылауға алып, қадағалап тұрыңыз", - деп ескертті прокуратура өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети