19 ақпан 2016 17:58

WhatsApp-та таралып жатқан суреттің Жамбыл облысындағы кісі өлтіру ісіне қатысы жоқ - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Полиция мессенджерлер арқылы жалған мәлімет тарату дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Полиция мессенджерлер арқылы жалған мәлімет тарату дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"(...) Мобиль мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Қазақстанның өңірлерінің бірінде болды делінген оқиғаның суреттерін таратып жатыр. Таралып жатқан суреттер мен видеолардағы мәлімет жалған. Қолданушылар мұны Бурыл ауылындағы қылмыспен, сонымен қатар осы өңірдегі бүлікпен байланыстырып жатыр, бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері. 

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде жалған мәліметті тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында кінәлілер анықталып, жазаланады.

"Ішкі істер министрлігі ҚР ҚК 274-бабына сәйкес, жалған мәліметті таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді", - делінген хабарламада. 

ІІМ өкілдері Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында жағдайдың тұрақты екенін және бақылауда екенін қоса айтты. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқару органдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша шараларды жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети