17 қараша 2016 13:05

Ыдырысов EXPO аумағында болған төтенше оқиға жайында пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

ҚР Сенатының жалпы отырысынан кейін журналистердің сауалына сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов EXPO аумағында болған оқиға Қазақстанда өтетін көрменің беделіне нұқсан келтірмейтінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай боцынша жедел әрекет жасалды, мерт болғандар жоқ, құрылыс жалғасып жатыр. Бәрі де уақытында тапсырылады және EXPO бойынша барлық мәселе өз уақытында шешіледі. Оқиға беделіне (ел мен көрменің - Авт.) еш әсер етпейді", - деп оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді Ерлан Ыдырысов. 

Министр болған жайт павильондар қызметі мен көрмеген дайындық барысына әсер етпейді деп сендірді. Ол комиссарлар тарапынан әлі ешқандай арыз түспегенін айта кетті. 

Сонымен қатар, Ыдырысов журналистерді дүрбелең туғызбауға шақырып, "кез келген құрылыста мұндай шырғалаң болатынын" және оқиға жай ғана жұмыс үдерісі екенін айтты. 

Еске салайық, 16 қарашада Астанадағы  EXPO-2017 аумағында декоротивті көпір құрылысы опырылып түскен болатын. Куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети