Ырғызда 70 миллион теңгеге "Арыстар" аллеясы салынады

08 Ақпан 2018, 15:40
0
Ырғызда 70 миллион теңгеге "Арыстар" аллеясы салынады - © Ясный лес
© Ясный лес

Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының орталығында "Арыстар" аллеясы салынады, - деп хабарлайды "Ақтөбе газеті". Бұл жоба "Туған жерге тағзым" акциясы бойынша кәсіпкерлердің қаржылай қолдауымен жүзеге аспақшы. Жобаның құны - 70 миллион теңге. Аумағы - 3 гектар.

Ырғыз ауылдық округінің әкімі Алтынбек Сариннің айтуынша, "Арыстар" аллеясы жаңадан салынып жатқан аудан әкімдігінің ғимараты мен 300 орындық мектептің аумағына салынады. Жоба бойынша аллеяға Ырғыз өңіріндегі тарихи оқиғалар мен өңірден шыққан арыстарға арнап ескерткіш-стелла қойылады. Социалистік Еңбек Ерлеріне ескерткіштер орнатылады. Көгалдандыру мен абаттандыру тағы да басқа  жұмыстар жүргізіледі. Мәдени шаралар өткізетін сахна мен субұрқақ салынады.

"Жоба құрылысы жоспар бойынша биыл басталуы керек. Ырғыз өңірінен шыққан кәсіпкерлерді тартамыз. Барлық шаруа кәсіпкерлердің қаржысына салынатын болғандықтан дәл биыл аяқталады деп айту қиын", - деді Алтынбек Сарин.

Аллеяда Ырғыздан шыққан алты арыс - Темірбек Жүргенов, Мұхаммедияр Тұңғашин, Бәймен Алманов, Тел Жаманмұрынов, Ұзақбай Құлымбетов, Телжан Шонанұлының  және Социалистік Еңбек Ерлері Бозша Алтаев, Құтпанбет Ақпанов, Айтжан Асанов, Алтынбек Әкімжанов, Әмірхан Барысбаев секілді азаматтардың ескерткіштері орнатылады. Барлығы 32 адамның ескерткіші қойылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай