25 қараша 2019 12:01

Павлодарлық жас гимнастшылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласында көркем гимнастикадан халықаралық жарыста облыстық командасының құрамында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ 2 оқушысы сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"


Петропавл қаласында көркем гимнастикадан халықаралық жарыста облыстық командасының құрамында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ 2 оқушысы сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, сайыс қорытындысы бойынша 1 сынып оқушысы Інкәр Қабыкенова І орынды, 2 сынып оқушысы Алиса Безрукова ІІ орынды иеленді. Олар 4 қыздан тұратын топтың құрамында өнер көрсетіп, еркін композицияны орындаған.

"2018 жылы Інкәр Нұр-сұлтан қаласында өткен республикалық жарыста жеке өнер көрсетіп, ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ ол ағылшын тілі сабағына қатысып, сурет өнерімен шұғылданады. Алиса 2019 жылы облыстық жарыстарда жеке өнер көрсетуде жеңімпаз атанды. Вокал сабақтарына қатысады. Қыздар гимнастикамен 4 жастан бастап көркем гимнастикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысады, - дейді білім беру бөлімінің өкілдері. 

Жаттықтырушысы - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Мамашева Наталья Евгеньевна. Айта кетерлігі, жас гимнастшылар халықаралық байқауда бірінші рет өнер көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети