03 ақпан 2020 13:08

Із-түссіз жоғалған отбасылық жұп Алматы облысынан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Семейден Алматы облысына келген отбасылық жұп 20 күн бойы республикалық іздеуде жүрген. Жас отбасы табылды - олар қыстауда қонақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтарда Көксу аудандық полициясына отбасылық жұптың жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Жас отбасы (ері 23 жаста, әйелі 20 жаста) Жаңа жылдың алдында ата-анасына қонаққа келген және 6 қаңтарда ШҚО-ға қайтып, жол-жөнекей із-түссіз жоғалып кеткен. 

"Із-түссіз жоғалғандардың суреті бар бағыттамасы барлық полиция жасағына жіберілген. Отбасылық жұптың жүрген жолы толық тексерілген. Нәтижесінде Көксу аудандық полиция бөлімінің мамандары облыстық департамент қызметкерлерімен бірлесіп, олардың (Ақсу ауданы) ізіне түскен. Осы уақыт бойы отбасылық жұп өз таныстарының қыстауында болған, олар сонда жұмысқа орналасуды ойлаған. Екеуі де сау және денсаулығына еш зиян келмеген", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазіргі уақытта жастар ата-анасымен кездесті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети