17 маусым 2019 14:52

Із-түссіз жоғалып кеткен студент қыз Алматыдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық 19 жастағы студент Нура әл Накауа 10 күннен кейін үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық 19 жастағы студент Нура әл Накауа 10 күннен кейін үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қыздың анасының айтуынша, ол үйге дін-аман оралған. 

"Құдайға шүкір, оның жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта бізде бәрі жақсы", - деді әйел. 

Қыз баланың үйінен неліктен кетіп қалғаны айтылмайды. 

Еске салайық, қыз бала 7 маусымда жоғалған еді. Ол Орбита ықшамауданындағы үйден 17:00 шамасында шығып, үйіне қайтып оралмаған. 

Қыздың жоғалғаны туралы Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигінде жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети