23 қараша 2016 01:05

Зағипа Балиева педофилдерді өлім жазасына кесуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© exclusive.kz © exclusive.kz

Елімізде педофилдер химиялық жолмен піштіріліп қана қоймай өлім жазасына да кесілуі мүмкін. Балалар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен бүгін заңға осындай бап қосуды ұсынды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Мәжілісмен Зағипа Балиева да ақтаулық алты жастағы қызды өлтірген азғынға өлім жазасын қолайлы көріп отыр.

"Өз пікірім өлім жазасына  тартылуы  керек. Балалар неге  қорлық көріп отыр? Осының бәрін терең сараптап заңға өзгеріс енгізу керек. Осыны  міндетті түрде істейміз", - деді Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Астанадағы ауруханада көз жұмған Виктория Мининаның денесі ұшақпен  туған жері Ақтауға жеткізілмекші. Жол шығыны мен жерлеу рәсіміне жергілікті шенеуніктер көмектесуге уәде еткен. "Миы өліп", тыныс алу аппаратына жалғанған қызды құтқаруға отандық жәнеі шетелдік медицинаның күші жетпеді. Ал бүлдіршінді зорлап өлтірген 32 жастағы күдікті қазір қамауда отыр. Сотта кінәсі дәлелденсе енді ұзақ уақыт бостандық көрмейтіні анық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети