Заң алдында бәрі тең. Шымкентте полицейге Facebook желісіндегі жазбадан кейін айыппұл салынды

10 Ақпан 2017, 15:09
3
Заң алдында бәрі тең. Шымкентте полицейге Facebook желісіндегі жазбадан кейін айыппұл салынды -

Facebook желісінің Нұрдәулет Тәңірберген есімді қолданушысы Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның ісін баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Екі сағат бұрын Береке Дүйсебеков жол патрульдік полиция қызметкерлерінің көліктің шамын қоспай жүргізіп келе жатқан суретін Желіге жүктеген. 5 минут бұрын жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан полиция қызметкеріне толтырылған хаттаманың көшірмесін салды", - деп жазды Желі қолданушысы. 

"Бұл кісілер өздері шамын қоспай жүре берсе бола береді ма сонда?) #Х850КР", - деп жазды Береке Дүйсебеков.

Осыған жауап ретінде Данияр Мейірхан Facebook желісіндегі өзінің парақшасында "Заң алдында бәрі тең", - деп жазып, хаттаманың суретін жүктеді. 

Айта кетейік, көліктің жарық шамын жақпай жүргізгені үшін 5 АЕК немесе 11 345 (1 АЕК 1 қаңтардан бастап - 2 269 теңге) теңге айыппұл салынады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай