15 шілде 2015 12:50

Заңнаманы жиі өзгерту оның бұзылуына әкеп соғады - Мәжіліс спикері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Заңнаманы жиі өзгерту оның бұзылуына және қоғамдағы нигилизмге әкеледі. Мұндай ойды палаталардың бірлескен отырысында Парламент Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Заңнаманы жиі өзгерту оның бұзылуына және қоғамдағы нигилизмге әкеледі. Мұндай ойды палаталардың бірлескен отырысында Парламент Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттің төменгі палатасының басшысы заң жобаларындағы кемшіліктерді, оларды 50 пайызға өзгертуге тура келетінін айтты.

"Төртінші сессия барысында заңға 206 өзгерту мен толықтыру енгізілді. Осы сессия барысында Үкіметтің бастамасымен Қазақстан Республикасы Кодексіне әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 12 өзгеріс пен толықтыру, Салық кодексіне - 10, Еңбек кодексіне - 9 өзгеріс енгізілді. "Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы" заң мысалға алынды. Басында депутатардың көлікті сенімхатсыз жүргізу туралы ұсынысын Үкімет қолдаған жоқ. Кейін заң аясында енгізуге дейін алты ай ішінде ІІМ бастамасымен Үкімет ұсынысты бастама етіп көтерді", - деді Мәжіліс спикері.

Ол "заңды үнемі өзгерту заңбұзушылыққа, абайсызда жіберілетін қателіктерге және қоғамдағы нигилизмге" әкелетінін айтты.

Жақыпов сөз сөйлеу барысында қазіргі немесе бұрынғы заңдармен жұмыс істеудегі кемшіліктерге де назар аударды. Ол заңды жиі өзгертудің ең негізгі себебінің Парламент депутаттарының заң шығарушылық-уәкілеттік құзырын толық пайдаланбауы және заңды бастамаларды жүзеге асыруға объективті шарттардың жетіспеушілігі екенін айтты.

"Кей заңдар күшіне енбей жатып өзгертіледі. Мысалы заң күшіне енгенге дейін Қылмыстық-процессуалдық заң екі рет, Қылмыстық-атқару кодексі үш рет өзгертілді", - деді Парламенттің төменгі палатасының спикері.

Жақыпов өз сөзінде Парламент енгізген жобалардың сапасының тым төмендігін, жүзеге асыру механизмінің түсініксіз екендігін айтты. Ол депутаттар толығымен қайта өзгерткен "Ауыл шаруашылығы кооперативі" заңын мысалға келтірді.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети