21 ақпан 2019 18:21

Зардап шеккендер Өтемақы қорынан қашаннан бастап ақша ала алады?

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Әмір Абдулхаимов © Фото: Әмір Абдулхаимов

Зардап шеккендер Өтемақы қорынан қашаннан бастап ақша ала алатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура сайтына сілтеме жасап. 


Зардап шеккендер Өтемақы қорынан қашаннан бастап ақша ала алатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура сайтына сілтеме жасап. 

2018 жылы "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Заңы қабылданып, қылмыстардан зардап шеккендерге жедел түрде материалдық көмек көрсету институты құрылды.

Аталған қорды толтыру көздерінің біреуі - қылмыстардың санатына қарай соттардың үкімдерімен өндірілетін мәжбүрлі төлемдер болып табылады.  

Былтырғы жылдың 2-жартыжылдығында сотталған 8,5 мың адамнан 300 миллион теңгеге жуық ақша өндірілді.

Мәжбүрлі төлемдерден басқа процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталғандардан өндіріп алу арқылы Қор қалыптастырылады.

Заң бойынша Қорда жиналған қаражат қылмыс құрбандарына 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап төленеді.

Сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптаулардың жәбірленушілері және денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар өтемақыны алуға құқылы.

Олар 30-дан 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі біржолғы төлемнен тұрады.

Бұл қаржы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органымен күнтізбелік он күннен кешіктірмей жәбірленушілердің банктік шотына аударылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети