28 ақпан 2017 19:49

Зарема Шаукенова Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© liter.kz © liter.kz

Зарема Шаукенова Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Зарема Шаукенова Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін бұл қызметте Ерлан Қарин болған еді. Ол таяуда "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Зарема Шаукенова - қазақ, 29 қыркүйек 1965 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. А.А. Жданов атындағы Ленинград Мемлекеттік Университетінің психология факультетінде (1982-1987 жж.), Сырттай аспирантура Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің психология факультетінде (1990-1994 жж.) оқыған. 2011 жылғы 19 қыркүйектен бүгінге дейін ол ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети