16 маусым 2016 15:09

Зейнетақы қорындағы ақшаның қалай жұмсалатыны жайлы сұрақ кәсіпкерлерге қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Үкіметі Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы қаражатты жұмсау мәселелерін жіті талқылап жатыр. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылтайында премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Үкіметі Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы қаражатты жұмсау мәселелерін жіті талқылап жатыр. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылтайында премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір Ұлттық қордағы қаржының жұмсалуы мәселесін қарап жатырмыз. Ұлттық қор - бұл ортақ игілік, үкіметтің мүлкі емес, барлық азаматқа ортақ игілік. Сондықтан біз Ұлттық қордағы қаржының қайда жұмсалып жатқанын, ол бюджетпен не істеуіміз керектігін білуіміз керек. Сол себепті егер сіздерде ұсыныстар болса, біз тыңдауға дайынбыз. Сіздер зейнетақы қорындағы қаржының жұмсалуы туралы өздеріңіздің ұсыныстарыңызды айттыңыздар. Қазір де сондай мүмкіндік болып тұр. Мүмкін бұл мәселемен түбегейлі айналысамыз. Меніңше, нарықтық қолданыс әкімшілік қолданысқа қарағанда жақсырақ. Өкінішке қарай, біз қаражатты әкімшілік қолданыста жұмсаймыз, дегенмен ол ақшалар біздікі емес - салымшылардың ақшасы, яғни ол ақшаның барлығы зейнеткерлердікі. Мен сіздерден осы мәселеге қатысты ұсыныстарыңызды естігім келеді", - деді Мәсімов кәсіпкерлерге.

Оның айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының пікірін де тыңдау керек. Сол арқылы қаражаттың осы күнге дейін қалай жұмсалып жатқанын түсінуге болады. "Содан біз Мемлекет басшысына белгілі бір ұсынысты жеткізіп, кейін ол шешімді қабылдай алар еді", - деді Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер-министр Қазақстанның басқа елдер сияқты тұрақсыздықты бастан өткеріп жатқанын айтты.

"Біз сіздермен энергия тасымалдуашылар мен шикізаттың бағасы жоғары кезде өмір сүрдік. Бізде көп ақша болды, оларды қайда, қалай жұмсайтынымызды да білетінбіз. Барлығына да ақша жететіндей болып көрінген. Біз ұлттық валютаның қатты ауытқуы кезеңдерінен өттік. Барлығын бірге өткердік. (...) Мұны әркім әртүрлі атайды. Дағдарыс та енді жоқ сияқты. Алға жылжу байқалмайды. Баға бірде былай, бірде олай", - деді министрлер кабинетінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети