Зейнеткер қаруланған ұрыны таяғымен сабады

07 Маусым 2018, 14:29
0
Зейнеткер қаруланған ұрыны таяғымен сабады - © avopix.com
© avopix.com

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Уинстон-Сейлем қаласында инсульт алған зейнеткер қаруланған ұрыға тойтарыс берді, - деп хабарлайды Fox 8.

Таңғы бес шамасында 68 жастағы Джон Рид (John Reed) иттің үрген дауысынан оянған. Оның есік алдында екі ер адам тұрған. Біреуі есік жанында қалып, екіншісі қолына пышақ алып, үйге кірген. Қаскөй зейнеткерден ақша беруін талап еткен. 

Зейнеткер ақшасының қайда тұрғанын түсіндіремін дегенше бөлмеге оның жары кіріп келген. Джон бұзақыдан  әйеліне тиіспеуді өтініп, жарына қашуды бұйырған.

Әмиянды тапқан ұры ақшаны санау ұшын теріс айналған. Осы кезде зейнеткер жағдайды сәтті пайдаланып, қолындағы таяғымен қаскөйді мойнынан ұрған. Ұры пышақ ала жүгіргенде, егде жастағы ер адам оның қолынан ұрып жіберген. Соққы көрген ұры қашып құтылған. 

Төбелес кезінде Ридке пышақ жарақаты салынған. Ұрылар қашып кеткен. Оларды полиция іздестіріп жатыр. 

Биыл ақпанда Лондонда 88 жастағы соғыс ардагерінің екі қаскөймен төбелескені жайлы ақпарат тараған еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай