28 наурыз 2014 17:14

Зиялы қауым Ерлан Арынды қолдауға арналған шара өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Арын.Сурет жеке мұрағатынан алынды Ерлан Арын.Сурет жеке мұрағатынан алынды

Жуырда Ертістің Павлодар өңірінің зиялы қауым өкілдері көрнекті ғалым, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арынның қазіргі тағдыр-талайына алаңдаушылық білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ашық хат жолдаған еді. Зиялы қауым өкілдері Ерлан Мұхтарұлын қолдаған шараны одан әрі жалғастыруда, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін қолдау білдірушілер облыс орталығындағы академик Қаныш Сәтбаев көшесі бойында орналасқан Қалижан Бекқожин атындағы ескерткіш маңына жиналып, бұқаралық ақпарат құралдарының өтінішімен сұхбат берді.

Арман ҚАНИ, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Қазіргі таңда ғаламтор парақтарында Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты намыс пен арға тиетін ақпараттар, суреттер өріп жүр. Мұндай келеңсіздіктің орын алуына жол беріп отырғандарға тыйым салу керек. Ерлан Мұхтарұлы - жергілікті жерде ұлттық рухани дүниемізді түгендеуде сіңірген еңбегі телегей қайраткер азамат. Білім саласында да жемісті еңбек етіп талай талантты шәкірттерді тәрбиелеген ғалым, ұлағатты ұстаз. Біз, зиялы қауым өкілдері оны ұлтқа жаны ашитын азамат деп білдеміз. Павлодар қаласындағы бірқатар көшенің атауын қазақыландырып, тарихи тұлғаларды тану жолында еңбек сіңірді. Қазіргі жүріп жатқан тергеу барысында Ерлан Арынды жалпы режимдегі камерада емес, үй қамаққа ауыстыруға болады деген ойдамыз. Сондықтан да біз, елуге жуық ұлт жанашыры, Алаштың азаматына қолдау көрсетіп, Елбасымыздан араша сұрап отырмыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети