Зор дауыспен сөйлейтін Қапшағай әкімінің орнына жаңа басшы келді

09 Қараша 2016, 15:35
0
Зор дауыспен сөйлейтін Қапшағай әкімінің орнына жаңа басшы келді - Қайнарбеков Талғат
Қайнарбеков Талғат

Алматы облысы әкімінің шешімімен Талғат Қайнарбеков Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайнарбеков Талғат Қанатұлы 1969 жылы 17 қазанда Алматы облысы Сарқанд ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген.

Жоғары білім бар. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі және қосымша мемлекеттік құқық мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша оқып бітірген. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті аясындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол Текелі қаласының әкімі қызметінде болды.

Еске салайық, Қапшағай қаласының әкімі қызметі бұған дейінгі әкімі Сәтжан Кикимовқа қатысты дауға байланысты бірнеше ай бойы бос тұрған. Әкім қала тұрғынымен дөрекі сөйлесіп, бұл оқиға видеоға түсірілген болатын. Видеоны әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Интернетке жариялап, кейін шенеуніктің бұл әрекеті облыстағы этика жөніндегі кеңесте талқыланады делінді. Ал біршама уақыт өткенде Кикимовтың қызметтен өз еркімен босатылғаны туралы ақпарат жарияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай