Зұлымдықты ақтап алуға болмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

08 Қаңтар 2015, 10:44
0
Зұлымдықты ақтап алуға болмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. @REUTERS
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. @REUTERS

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция астанасында Charlie Hebdo редакциясына жасалған қарулы шабуылды айыптады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат спикері Twitter-дегі аккаунтында "Париждегі теракт, журналистер қаза тапты. Зұлымдықты ақтап алуға болмайды. Терроризмге қарсы күрес - бүкіл халықаралық қоғамдастықтың міндеті", - деп жазды. 

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира басылымының редакциясына оқ жаудырған болатын. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Шабуыл жасағандардың ағайындылар - 32 жастағы Саид және 34 жастағы Шериф Куашилер және 18 жастағы Хамид Мурад екені белгілі болды. Франция президенті Франсуа Олланд бұл қанды оқиғаны теракт деп мәлімдеді. Лаңкестердің қолынан басылым қызметкерлерімен бірге екі полицей де оққа ұшты. Францияда теракт құрбандарына байланысты аза тұту күні жарияланды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Париждегі жантүршігерлік лаңкестікті айыптады


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай