05 қазан 2016 11:56

ЭКСПО-2017 мен Дүниежүзілік универсиадаға 14 мыңнан астам құқық тәртібінің қызметкерлері қатысатын болады - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

ЭКСПО-2017 мен Дүниежүзілік универсиадаға 14 мыңнан астам құқық тәртібінің қызметкерлері қатысатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ЭКСПО-2017 мен Дүниежүзілік универсиадаға 14 мыңнан астам құқық тәртібінің қызметкерлері қатысатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысы барысында ЭКСПО-2017 мен Дүниежүзілік универсиаданы өткізу кезіндегі қауіпсіздікті құқық тәртібінің 14 мыңнан астам қызметкері қамтамасыз ететіндігін жеткізді.

"Барлықтарыңызға мәлім, келесі жылы біз ЭКСПО-2017 және Дүниежүзілік универсиада секілді ауқымды шараларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуіміз керек. Соған орай, министрлік дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көрмеде шамамен 9 мың қызметкер мен әскери, ал универсиада нысандарында 5,5 мыңнан астам құқық қорғаушы қауіпсіздікті қамтамасыз етпек", - деп хабарлады Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, министр қызметкерлерге ағылшын тілін меңгерту курстары ұйымдастырылып, арнайы дайындық сабақтарының да өткізіліп жатқандығын айтып өтті.

"Біз нысандарға өтудің рұқсатнамалық тәртіптемесін енгіздік және осы халықаралық шараларға дайындық пен өткізу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге де жұмыстарды қадағалау жүзеге асырылып жатыр", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети