03 сәуір 2014 14:35

БТА банк заңгерлері Мұхтар Әблязовтың қорғаушыларына несие бермеуді талап етуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz иллюстрациясы tengrinews.kz иллюстрациясы

БТА банкі заңгерлері Ұлыбритания Жоғарғы сотынан аталған банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың қорғаушыларын қалай қаржыландырып отырғанын анықтауды сұрады, деп хабарлайды  Tengrinews.kz The Lawyer басылымына сілтеме жасап. Шағымданушылардың пікірінше, 66,5 миллион доллар көлемінде несие алған олигарх 2009 жылы сот шығарған шешімді бұзған, яғни осы кезеңде банкирдің барлық активіне "құлып" салынған еді. Алдында осы іске қатысты БТА банктің шағымын Ұлыбританияның Жоғарғы соты Кристофер Кларк пен аппелияциялық сот қараудан бас тартқан.

Еске сала кетелік, басында Мұхтар Аблязовқа апталық күн көрісіне 10 мың доллар, сонымен қатар БТА банктің заңгерлерін жазбаша құлақтандырып отыруға кететін заңгерлік шығындарына деп "түрлі сома" қалдырылып, қалған активін пайдалануына тыйым салынған.

Сот Кларк несиенің басым бөлігін Әблязов заңгерлеріне шығындағанын атап өткен, оның пікірінше, кредитор-компаниялар қазақстандық олигархтың меншігінде бола алады. Бірақ банктің жолдаған сауалын қанағаттандырмаған Ұлыбританияның Жоғарғы соты мен аппеляциялық соты мұнысын Аблязов активтерінің уақытша "істен шығуы" оның несие тіркетуіне еш кедергі келтірмейді деп түсіндірген.

Біріккен королдіктің жоғарғы сот инстациясы "кілттелген" активтер жөніндегі сот қаулысы стандартын түсіндіру және оны жіті қарастыру ісімен тарихта алғаш рет бетпе-бет келуде екен. Өз кезегінде Әблязов қорғаушысы "егер Ұлыбритания Жоғарғы соты БТА банктің еншісіне қарай шешім шығарып жатса, онда ол кредиторлардың тұтынушысы құқығын қорғауға жұмсаған сомаға еш әсер етпейді" деп мәлімдеді. Істе тіркелген құжаттарға сәйкес, Мұхтар Әблязов Wintop Services Limited және itcherly Holdings Limited компанияларымен төрт несие келісімшартын жасасқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети