13 желтоқсан 2014 14:16

Вена прокурорлары Рахат Әлиев қылмысының мотивін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет - Тengrinews.kz Сурет - Тengrinews.kz

Вена прокурорлары жариялаған Қазақстанның Австриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша айыптау қорытындысы жобасында саяси мотив алынып тасталған деп хабарлайды Die Presse.


Вена прокурорлары жариялаған Қазақстанның Австриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша айыптау қорытындысы жобасында саяси мотив алынып тасталған деп хабарлайды Die Presse.

Жобаға сәйкес, "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті өлтіруге себеп "Нұрбанктің" Хасенов фирмасына бөлген 30 миллион доллар көлеміндегі несие ақша болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл іс бойынша 90 куә сұралған, тергеу амалдары Қазақстан тарапынан тартылған куәгерлерге қысым көрсетілу ықтималдылығын да жоққа шығарған.

Онда Рахат Әлиев "Нұрбанкті" сатпақшы болған, алайда тексеру кезінде банк қызметкерлері жетекшісі боп табылатын компанияның көптеген жабылмаған несиесі анықталады делінеді. Олар "екіжүзділік танытты" деп күдіктенген Әлиев, бір жағынан, солардың ақшасынан байый түскісі келеді. Сол секілді Рахат Әлиев "несие бөлгенің үшін сыйақы алып отырдың" деп Темірәлиевті айыптайды әрі Хасенов компаниясына берілген 30 миллион доллардың несиесін анықтайды.

Рахат Әлиев Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтен осыларды мойындатқысы келгені туралы айтылады. Алайда іс "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің өлімімен аяқталады. Алдында Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қатысты айып желтоқсан айында жария болады деп хабарланған.

Еске сала кетелік, Рахат Әлиев Венада 5 маусымда ұсталған. Оған "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлау мен өлтіру туралы қозғалған іс негіз болған. Қазақстанда бұрынғы елшіні сыртынан 40 жылға бас бостандығынан айырған үкім шыққан. Австрия астанасының прокуроры Томас Вичай алдында адвокат тарапынан оны кепілге босату туралы арыз түсіп жатса, ол қанағаттандырылмайтындығын мәлімдеген. Кейіннен экс-елшінің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты барлығы анықталған. Осыған байланысты елімізде бұл іспен сотталған Ержан Өтембаев шартты түрде шұғыл босатуын сұрап, арызданған, сот оны қанағаттандырды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети