26 қаңтар 2017 09:34

Apple басшысы компаниядағы үлесін сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AppleInsider.ru © AppleInsider.ru

Apple корпорациясының бас директоры Тим Кук бірнеше күннің ішінде жалпы сомасы 3,6 миллион доллар болатын компаниядағы 30 мыңға жуық акцияны сатып жіберген, - деп хабарлайды Appleinsider басылымы АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясына сілтеме жасап.

Құжаттарға сәйкес, Тим Кук құнды қағаздарды сатқан. Басылымның мәліметінше, Кук келісімдерді 20, 23 және 24 қаңтарда жасаған. Сол кезде акциялардың бағасы шамамен 120 доллар болған. Сондай-ақ, Apple басшысы үлесін сатып жатса да, Тим Кукта сомасы 117,6 миллион доллар болатын 979 809 акция қалғаны айтылады.

Айта кетейік, осыған дейін Apple корпорациясы Тим Куктің жалақысын қысқартқан болатын. Нәтижесінде 2016 жылы компанияның бас директорының жалақысы 8,75 миллион доллар ғана болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети