26 сәуір 2016 18:02

Apple корпорациясының қызметкерлері жұмыстан жаппай қысқарып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Apple корпорациясы соңғы аптада кадр мәселелерімен айналысатын бірнеше қызметкерді жұмыстан қысқартты, - деп хабарлайды Venture Beat.


Apple корпорациясы соңғы аптада кадр мәселелерімен айналысатын бірнеше қызметкерді жұмыстан қысқартты, - деп хабарлайды Venture Beat.

Компаниядағы аноним дереккөздің айтуы бойынша, басшылық штаттағы HR-мамандарымен қоса штаттан тыс қызметкерлерді де жұмыстан босатып жатыр. Кадр мәселелері 100-ден аса адамға қатысты болуы мүмкін. Бірақ Apple корпорациясы штаттағы қызметкерлерін қысқарту туралы әзірше көпшілік алдында мәлімдеме жасаған жоқ. Дереккөздің мәліметінше, компания мамандардың кадр қызметінен бас тартуға бел буып отыр екен. Себебі бүгінде жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу жағдайлары азайды.

Сонымен қатар, корпорацияның бонустар жүйесін өзгерткені белгілі болды. Енді HR-мамандар еңбекақының 10-15 пайызын ғана ала алады, бұған дейін ол 40 пайызға дейін жеткен болатын. Айта кетейік, кейбір қызметкерлер бонус алу мүмкіншілігінен тіпті де айырылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети