Apple күзгі көрсетілімде қандай смартфондарды ұсынуы мүмкін?

09 Қыркүйек 2018, 13:36
0
© pixabay.com
© pixabay.com

Wylsa.com сайтында Apple компаниясының қыркүйектегі көрсетілімінде ұсынылуы мүмкін өнімдердің нұсқалары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

iPhone

Жаңа "Айфондардың" дизайны бір-біріне ұқсас және сіз қораптан құлаққаптың жалғастырғышын таппауыңыз мүмкін, бірақ күшейтілген USB-C кабелі енуі ықтимал.

 

 


iPhone жаңа модельдерінің рендерлері

Флагмандық смартфонды iPhone XS деп атады. Екі камералы және темірден жасалған корпус, бұл смартфонның жады 64/256/512 ГБ, оперативті жады 4 ГБ болады. 

iPhone XS-ке алдын ала тапсырыс беру 14 қыркүйекте, яғни көрсетілімнен соң бірден басталады. Бағасы 899 доллардан басталып 999 доллар болады.

 


iPhone XS

Бюджетті iPhone XС күштірек болмағанымен арзанырақ болады. Бір камералы және аллюминий корпуспен жасалған бұл смартфон 6,1 дюймді LCD-экранмен қамтамасыз етіледі және бұл телефон қарашада сатылымға шығуы мүмкін. Бағасы 749 доллардан басталмақ.

 

iPad Pro

iPad Pro iPhone X-тің ізімен жүрмек.

iPad Pro-ның жаңа модельдерінде "Үйге" батырмасы мен құлаққапқа арналған жалғағыштар болмайды және Face ID қосымшасымен жабдықталады. 

Жаңа  iPad Pro - A12X процессорымен қамтамасыз етіледі, ал жады 1 ТБ болуы ықтимал.

Apple Watch 4

Apple Watch 4 бастапқыда домалақ пішінді болады деген еді, алайда сағат өз пішінін сақтап қалды. Жады 16 ГБ және S4 мен W3 процессорымен жабдықталған бұл сағат үлкейтілген экранмен шығарылмақ.

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай