Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

British Airways әуе компаниясы Қазақстанға ұшпайтын болды

24 Шілде 2015, 14:55
0
© REUTERS
© REUTERS

Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы British Airways енді Қазақстанға ұшпайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы рейс Лондонның Хитроу әуежайынан 11 қазанда ұшып шығады, ал 12 қазанда Алматыдан кері қайтады. British Airways компаниясындағылардың айтуынша, рейс қаржы жағынан тиімсіз болғандықтан жабылғалы жатыр.

Әуе компаниясы кешірім өтінді. "12 қазаннан кейінгі күндерге билет сатып алып қойғандарға ақша толықтай қайтарылады. Егер билеттер туристік агенттіктер арқылы алынса, олармен тікелей байланысуға болады", - деп жауап берді компаниядағылар Tengrinews.kz сауалына.

Айта кетейік, енді Астанадан Лондонға дейінгі тікелей рейс Air Astana арқылы жүзеге асады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай