15 қыркүйек 2014 18:21

EXPO-2017 нысандарын жалға алушылар салықтан босатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

EXPO-2017 көрмесі нысандарын жалға алушыларды салықтан босату көзделіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.


EXPO-2017 көрмесі нысандарын жалға алушыларды салықтан босату көзделіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.

"Салық саясатын жетілдіру саласында мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі: EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу мақсатында 2017 жылға дейін EXPO-2017-ні ұйымдастыру қызметімен айналысатын заңды тұлғаларға нысандарды жалға беру кезінде оларды жер және мүлік салығынан босату ұсынылып отыр", - деді Досаев "ҚР Ұлттық қорының 2015-2017 жылдарға арналған кепілді трансферті туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде.

Министрдің айтуынша, медициналық көмектің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша әкімшілік кедергілердің алынуына байланысты лицензиялауға жатпайтын медициналық көмек түрлерін қосылған құн салығынан босату ұсынылып отыр.

"Кеден одағы аясындағы кедендік заңнамада экспорт ұғымының болмауына байланысты Кеден одағы шеңберінде ренталық салық салу тәртібі нақтыланып жатыр", - деді Досаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети