Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

KFC сегіз аяқты тауық жайлы қауесетке байланысты соттасып жатыр

01 Маусым 2015, 22:01
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
Қытайда KFC мейрамханалар желісі олардың тауықтары "геномодификацияланған және алты қанаты мен сегіз аяғы бар" деген қауесет таратқан үш компанияны сотқа берді, - деп хабарлайды BBC News
 
 Қауесет сөздер әлеуметтік медиа, оның ішінде WeChat мессенджері арқылы таралды. KFC әр компаниядан 1,5 миллион юань (45 миллион теңге) және кешірім сұрауын талап етті.

Осыған дейін Қытайда бірнеше Интернет-дүкен келушілердің пікірлері жазылған кітапты өзгерту және бәсекелестері жайлы жалған мәлімет тарату бойынша айыпты деп танылған болатын. Қытайда KFC компаниясының 4,6 мыңнан аса мейрамханасы бар. Ал әлем бойынша 115 елде 18 мың сауда орны қызмет көрсетеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай