Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Kcell-дің абоненттеріне миллиардтаған теңгені неліктен қайтаратыны белгілі болды

21 Шілде 2015, 15:18
0
© REUTERS
© REUTERS

Kcell байланыс операторы абоненттеріне миллиардтаған теңгені қайтару себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті компанияның өз абоненттеріне 1,5 миллиардтан астам теңгені қайтаратын хабарлаған болатын.

Kcell компаниясындағылардың айтуынша, ақша клиенттерге мынадай себеппен қайтарылады: байланыс операторы абоненттердің шотында ақша болмаса да байланысты үзбеген, соның салдарынан абоненттердің кейбірі "минусқа" өтіпті. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты оператордың абонент шотында ақша таусылған сәтте де байланысты (радиотелефонмен сөйлесу және интернет) үзу немесе үзбеу туралы құқығын растағанымен, монополияға қарсы органның нұсқамасын кері қайтарған жоқ. Осыған байланысты "Кселл" АҚ Kcell брендінің абоненттеріне байланысты үзбегені үшін ақшаларын қайтаруды бастайды", - деді компаниядағылар.

2012 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықтағы сөйлесулер үшін ақшаны абоненттердің шотына аудару басталды. Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, мұндай ақпарат абоненттерге SMS арқылы жолданады. Kcell қызметін қолданбай кеткендерге ескерту хаты жөнелтіледі. Айта кетейік, Activ брендін қолданушыларға ақша қайтарылмайды, себебі бұл оператор ақша таусылған сәтте байланысты автоматты түрде үзеді.

"Ақша Kcell брендінің қолданушыларына көрсетілген қызмет үшін қайтарылатындықтан, "Кселл" АҚ салық міндеттемесін 1 000 000 000 теңгеге дейінгі сомаға кемітеді", - дейді компаниядағылар.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай