08 желтоқсан 2014 13:18

Mexx Kazakhstan өз дүкендерінің жабылуына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©upload.wikimedia.org ©upload.wikimedia.org

Mexx-тің Қазақстандағы өкілдігі жарияланған банкротқа байланысты ешқандай өзгерістер болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нидерланды киім-кешек бренді соттың шешімімен банкрот деп жарияланған болатын. 


Mexx-тің Қазақстандағы өкілдігі жарияланған банкротқа байланысты ешқандай өзгерістер болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нидерланды киім-кешек бренді соттың шешімімен банкрот деп жарияланған болатын. 

"Бүгінде Қазақстанда Мexx-тің 17 дүкені бар, олар бұрынғысынша режиммен жұмыс істеп жатыр. Банкроттыққа байланысты ешқандай өзгеріс болмайды", - деді өкілдіктегілер. Ал Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының басшысы Бекнұр Қисықов Қазақстандағы Mexx дүкендері жабылады деп есептейді. "Қазақстанда бренд сауда франчайзингі арқылы ұсынылады. Егер бүгінде бренд банкрот болса, жуырда барлық дүкен соңғы тауарын сатқанша ғана жұмыс істейтін болады. Басшылық солай жариялады. Мен дүкендер жабылады деп ойлаймын, бірақ олар басқа салаға бейімделеді. Дегенмен менің шамалауымша, сатылатын тауарлары әлі де жеткілікті", - деді ол.

Бұған дейін Амстердамда соттың Mexx - киім-кешек пен сән индустриясы тауарларын өндірушіні банкрот деп жариялағаны хабарланған еді. Компанияның банкроттығы туралы шешім 4 желтоқсанда қабылданды, бірақ ол туралы кейінірек айтыла бастады. Шешім киім-кешек өндіретін корпорацияға қарасты үш компанияға қатысты - Mexx Holding Netherlands BV, Mexx Europe Holding BV және Mexx Europe Holding International BV.

Mexx компаниясының негізі 1986 жылы қаланды. Еуропада компанияның 315 дүкені ашылды, бренд әлемнің 50 еліне таралған. Mexx бөлімшелерінде барлығы 1500-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, оның ішінде, Нидерландының өзінде - 500 адам.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети