13 сәуір 2018 17:06

Tele2 мен Altel-дің атышулы жарнамасы жосықсыз бәсеке болып танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері Tele2 мен Altel компанияларының Алматы орталығында түсірген видеосы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері Tele2 мен Altel компанияларының Алматы орталығында түсірген видеосы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Монополияға қарсы департаментінің өкілдері "Кселл" АҚ пен "Кар-Тел" (Beeline бренді) компанияларына қатысты хатты қарай отырып, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2 мен Altel) компаниясы қызметкерлерінің жалған және расталмаған мәліметтерді таратып, жосықсыз жарнамамен бәсекемен айналысқанын хабарлады.

Департамент қызметкерлері келіп түскен мәліметтерді саралау қорытындысы бойынша көлік кептелісі түсірілген жарнамалық роликте ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 182-бабына қайшы келетін әрекеттердің бар екенін анықтады. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-бөлігіне сәйкес,  "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС өкілдері және осы жарнаманы дайындаған "Combination" ЖШС өкілдеріне жарнаманы өшіру қажеттігі жайлы хат жіберілді және жоғарыда аталған жарнаманы қолдануға тыйым салынды", - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері. 

Еске сала кетейік, 8 ақпанда әлеуметтік желілерде Kcell мен Beeline корпоратив көліктерінің орталық даңғылдардың бірінде жүріп бара жатқаны түсірілген видео пайда болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети