14 сәуір 2014 19:47

Ақтау кондитерлік фабрикасы өз өнімін Ауғанстанға сататын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото online47.ru сайтынан алынды Фото online47.ru сайтынан алынды

Ақтаудағы  "Волна" фабрикасы шығаратын өнімінің көлемін 2,5 есеге еселейтін болды. Компания Тәжікстанмен біріккен кәсіпорын құрып, өз өнімдерін Ауғанстанға да тасымалдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш фабриканың директоры Надежда Карасьтың сөзіне сілтеме жасай отырып,


Ақтаудағы  "Волна" фабрикасы шығаратын өнімінің көлемін 2,5 есеге еселейтін болды. Компания Тәжікстанмен біріккен кәсіпорын құрып, өз өнімдерін Ауғанстанға да тасымалдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш фабриканың директоры Надежда Карасьтың сөзіне сілтеме жасай отырып,

"Біз Тәжікстанмен біріккен кәсіпорын аясында өз өнімдерімізді Ауғанстанға шығаруды жоспарлап отырмыз. Оларда біздің карамель, печенье өнімдеріне сұраныс артып отыр. Осыған орай біз Тәжікстанның осы екі бағытта жұмыс істейтін жобаларын сатып алдық. Ендігі кезекте осы бағыттар арқылы карамель, қантты печенье өнімдерін Ауғанстанға сатылымға шығаратын боламыз" - дейді Ақтаудағы "Волна" кәсіпорнының директоры.

Қазіргі уақытта фабрикада өнім шығаруға тиісті сатылып алынған бөліктерді реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін фабрика өнім шығаруды 2,5 есеге өсіруді жоспарлап отыр. 

Айта кету керек, Қазақстан жыл сайын құны жарты миллионды құрайтын кондитерлік өнімдерін импорттауда. Осыған орай Надежда Карась отандық өндірушілердің мол мүмкіндігі бар екенін айта келіп: "Бұл бізге беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Біз осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып байланыс аясын кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыра түсуіміз керек. Біздің өнімдерімізге қазірде отандық аймақтардан  Шымкент пен Тараз сұраныс беруде. Сондай-ақ көрші Ресей елінің де өнімдерімізге деген сұранысы бар. Бұған қоса біз Тәжікстанмен біріккен кәсіпорын құрып отырмыз. Болашақта өнімдерімізді Тәжікстанға экспорттайтын боламыз" - дейді.

Сондай-ақ Надежда Карась  - елдегі 4-5 ірі кондитерлік фабрика халықтың сұранысын толық қамти алмайтынын, бұл кемшілікті ірілі-ұсақты цехтар құру арқылы шешуге болатынын да алға тартты. "Кіші кәсіпорындар жұмысын жүргізе келе ірі кәсіпорынға айналады. Біз де басында кіші цех болып жұмысымызды бастағанбыз. Сондықтан кіші цехтардың жұмысын арттыру арқылы да сұранысты қамтуға болады" - деді ол.

Жалпы, сұранысты қамту мәселесі жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брфингте Қазақстанның "Ет-сүт" одағының төрағасы Иван Сауэр біршама деректер келтірген болатын. Сауэр әсіресе Қазақстанның жыл сайын 3 млрд доллар көлемінде азық-түлік импорттайтынын, олардың ішінде кондитерлік тауарлар құны 540 млн долларды құрайтынын, осыған орай елде бұл саланың жұмысына қолдау қажеттігін баса айтты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети