Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматыда "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары пәтерлердің сапасына қатысты шағымданды

12 Тамыз 2015, 17:07
0
"Алғабас" ықшамауданының тұрғындары жолдаған сурет
"Алғабас" ықшамауданының тұрғындары жолдаған сурет
"Алғабас" ықшамауданының тұрғындары жолдаған сурет
"Алғабас" ықшамауданының тұрғындары жолдаған сурет

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары пайдалануға берілген пәтерлердің сапасына қатысты шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы "Алғабас" ықшамауданы тұрғындарының мәлімдеуінше, олар ыстық сусыз, газсыз өмір сүріп жатыр. Таяуда олардың суық суын да тоқтатпақшы, себебі үйді тұрғызған компания "Жер Олжа" - коммуналдық қызмет үшін қарыз.

"Алғабас" ықшамауданында 10 үй "Қолжетімді баспана-2020" желісі бойынша салынған. Жеті үй 2013 жылы көктемде пайдалануға берілді. Бізге пәтер кілті табыс етілді, әкімдіктің адамдары болды, комиссия қабылдады. Жылу, су болған жоқ, бірақ кейін қосты. Қазір ыстық су жоқ, суық суды да өшірмекші. Бізде газ жоқ. Үйді тұрғызған компания 30 миллион қарыз сияқты, ал зардабын біз көріп отырмыз, - дейді тұрғындардың бірі Назым Әденова. - Күрделі жөндеусіз мұнда тұру мүмкін емес - қабырғалар қопарылып, сылақ түсіп жатыр, құбырлар шығып тұр, лифт жұмыс істемейді. (...) Біз үйді салған компаниямен және әкімдікпен кездестік, бірақ олар ешқандай шешімге келген жоқ, не істейміз, білмейміз", - деп наразылығын білдірді әйел.

Үйдегі баспалдақтар. "Алғабас" ықшамауданының тұрғындары жолдаған сурет

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, банк пайдалануға берілген үйлердің сапасына жауап бермейді. "Үйлерді қаланың құрылыс басқармасы тұрғызады, олар тендер жариялап, үйді тұрғызатын компанияны анықтайды. Сондықтан барлық сұрақ соларға", - деді баспасөз қызметіндегілер. Бұл жағдайға қатысты "Жер Олжа" компаниясының президенті Усейн Хасанов түсінік берді. "Су мен жарыққа қатысты шот қателесіп біздің компанияға келді. Қазір бұл анықталып жатыр, мәселе шешіле сала, қосады. Ал газ, өздеріңіз білетіндей, тұрғындардың барлығы көшіп келіп, тесттер мен тексерулер жүргізілгеннен кейін беріледі. Шағым, ол әрдайым болады. Барлығы қалыпқа келтіріліп жатыр, жөндейміз. Біреудің есігінің тұтқасы сынған, енді бірінде тағы бірдеңе. Мұның барлығы жақын арада қалыпқа келтіріледі", - деп мәлімдеді компания басшысы. 

Үйлердегі крандардан ағып тұрған су. "Алғабас" ықшамауданының тұрғындары жолдаған сурет

Айта кетейік, қалалық құрылыс басқармасынан бұл жайтқа қатысты түсінік алу әзірше мүмкін болмады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай