13 ақпан 2014 | 15:16

Альянс Банк техникалық дефолт жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"Альянс Банк" бірер сағат бұрын техникалық дефолт жариялады", - деп, хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай күтпеген жерден мәлімдеме жасауды өз мойнына аталмыш банктің Алматы қалалық филиалының директоры Мәдина Әбдина алыпты. Банк басшылығының бірі - Мәдина Әбдина салымшыларға алаңдауға негіз жоқтығын ресми хабарлады. "Иә, осындай шешімге келдік. Алайда салымшылар еш зардап шекпейді", - деп сендіргендей болды ол. "Жеке тұлғалардың депозиттері сақталады. Бұл талап Қазақстан Республикасы мен Қазақстан кепілді депозиттер қорының заңдарымен қорғалған. Қаржы мекемесін қайта құрылымдау - біздің шетелдік инвесторлармен ынтымақтастығымызды нығайтудың бір тетігі деп білген жөн. Ал техникалық дефолт дегеніміз, бұл - сол процестің тек бастамасы ғана", - деп, атап өтті Мәдина Әбдина. Әбдина "банкрот жайлы айтуға әлі ертерек" дейді сонымен қатар. Дәл қазіргі кезде банк шетелдік инвесторлар алдындағы қарыз ақшаларды қайта құрылымдау мәселесін шешіп жатқан көрінеді. Айта кетейік, Альянс Банктің негізгі акционері, яғни 67 пайыз акциясы мемлекет меншігінде. Бұл бір жағы әлі тықыр таяна қоймағандығын аңғартады, әрине.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети