12 мамыр 2014 20:43

Әзірбайжан 50 қазақстандық электровозды сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

Бүгін Бакуде Астанадағы "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС Әзірбайжан темір жолына арнап 50 электровоз құрастыру жөніндегі келісімге қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Бакуде Астанадағы "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС Әзірбайжан темір жолына арнап 50 электровоз құрастыру жөніндегі келісімге қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт тарихындағы ірі келісім бойынша Қазақстан Әзірбайжан темір жолына арналған электровоздарды 2016 жылдан бастап жеткізеді. Келісімге "Alstom Транспорт" компаниясының президенті Анри Пупар-Лафарж, Әзірбайжан республикасының көлік министрі Зия Мамедов пен "Әзірбайжан темір жолдары" ЖАҚ-ның төрағасы Ариф Аскеров қол қойды.

"Аталмыш локомотивтер Әзірбайжан темір жолының тапсырысымен Астанадағы "Электровоз құрастыру зауытында" арнайы жоба бойынша "Alstom Транспорт" компаниясымен бірлесіп жасалады. Астанада құрастырылған осындай электровоздар Қазақстанның темір жолында жүйткіп жүр", - делінген таратылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанадағы жүк және жолаушылар электровоздары зауытының құрылысы 2010 жылы 26 маусымда басталды. Зауыт 2012 жылы 4 желтоқсанда ашылды. "Электровоз құрастыру зауыты" АҚ-ының үлесі: Alstom Transport (25%), "Трансмашхолдинг" ЖАҚ (25%), "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (50% + 1 акция) болып бөлінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети