25 шілде 2014 09:05

Банк 6 мың теңге қарыз үшін пәтерді тартып алмақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ona-plus.ru сайтының иллюстрациясы ona-plus.ru сайтының иллюстрациясы

"Ақтөбе облысында банк 6 мың теңге қарыз үшін борышкердің пәтерін тартып алмақшы" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Ақтөбе облысында банк 6 мың теңге қарыз үшін борышкердің пәтерін тартып алмақшы" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Отбасы соңғы төлемін мерзімінен бұрын төлеп, пәтер құжаттарын қайтарып алу үшін банкке келген. Алайда банк пәтер иесіне қарыздың толықтай жабылмағанын айтқан. Сөйтсе, борышкер сақтандыру компаниясымен арадағы мүлікті ерікті сақтандыру келісімін ұзартпаған екен. Банк мұны бұзушылық деп тауып, несиені жабуға төленген ақшаның бір бөлігін өсімпұл есебіне ұстап қалған. Соның салдарынан борышкер қайта қарыз болып шыға келген.

Борышкердің өкілі Надежда Шаповалова "сақтандырудың ерікті екені туралы банк естігісі де келмейді. Сонан соң бұл борышкер мен сақтандыру компаниясы арасындағы келісім. Сондықтан банктің бұған қатысы жоқ. Сол үшін айыппұл салуға, сақтандыру компниясымен келісім жаса деп мәжбірлеуге тіптен құқығы жоқ. Банкирлер келісім шарттағы "ерікті" деген сөзді ескермейді. Алдымен сақтандыру компаниясымен келісім шарт жасаңыздар, сонан соң ғана сіздермен сөйлесеміз дейді. Оған қоса банк тек өздері айтқан сақтандыру компаниясымен ғана келісім шарт жасасуды талап етіп отыр. Сонда бұл жерде "ерікті" деген сөз жүзінде ғана болып тұр" дейді.

Таяуда ғана банк борышкер отбасына егер 6 мың теңге қарызды өтемейтін болса, пәтерді алып қоятынын ескертіп, хат жолдапты. Борышкер банкті сотқа берген. Енді ерікті сақтандырудың ерікті ме, жоқ па екенін сот анықтайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети